SocioHumanitas
«SocioHumanitas» журналы 2026 жылдан бастап шығарылады. Журналдың құрылтайшысы және баспагері – І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті.
Журнал жылына 4 рет жарық көреді және келесі негізгі ғылыми бағыттар бойынша жарияланады:
- Әлеуметтік ғылымдар: әлеуметтану, әлеуметтік философия, экономика, саясаттану;
- Құқық және құқықтық зерттеулер: құқық теориясы мен практикасы, қоғамдағы құқықтық трансформациялар;
- Гуманитарлық зерттеулер: тарих, өнертану, дінтану, мәдениеттану;
- Әлеуметтік-мәдени үдерістер: бірегейлік, ұжымдық жады, құндылықтық және цифрлық трансформациялар;
- Филология, дискурстық зерттеулер және пәнаралық тәсілдер.