Editorial policy
Журналдың атауы: «SocioHumanitas»
Журналдың мақсаты: Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдардың дамуына және қоғам мен адамды пәнаралық тұрғыдан зерделеуге ықпал ету, әлеуметтік, мәдени, экономикалық және құқықтық үдерістерді зерттеуге қолдау көрсету, сондай-ақ отандық және шетелдік зерттеушілердің ғылыми идеяларын ілгерілетуге арналған халықаралық ғылыми диалог алаңын қалыптастыру.
Журналдың міндеттері:
- Қоғамды, адамды, әлеуметтік және мәдени үдерістерді, экономикалық қызметті және орнықты дамуды терең түсінуге бағытталған әлеуметтік-гуманитарлық, экономикалық-құқықтық және пәнаралық зерттеулердің инновациялық бағыттарын қолдау және ілгерілету үшін қолайлы ақпараттық орта қалыптастыру.
- Ғылыми қауымдастықты әлеуметтік ғылымдар, құқық, экономика, тарих, өнертану, дінтану, филология, цифрлық және гуманитарлық ғылымдар салаларындағы өзекті зерттеу нәтижелерімен таныстыру, сондай-ақ ашық ғылыми пікірталас пен идея алмасу алаңын құру.
- Ғылыми мақалалардың жарияланымдық мәдениетін арттыру, рецензиялау сапасын жетілдіру және ашық әрі кәсіби рецензиялау үдерісін қамтамасыз ету.
- Ғылыми жарияланымдарға толықмәтінді қолжетімділікті қамтамасыз ету, зерттеу нәтижелерінің ақпараттық ашықтығын және халықаралық академиялық кеңістіктегі дәйексөзделуін арттыру.
Жарияланым тілі: қазақ, орыс, ағылшын тілдері.
Шығу мерзімі: жылына 4 рет (наурыз, маусым, қыркүйек, желтоқсан).
Меншік иесі: «І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы.
Журналдың тақырыптық бағыттары:
- Әлеуметтік ғылымдар: әлеуметтану, әлеуметтік философия, экономика, саясаттану;
- Құқық және құқықтық зерттеулер: құқық теориясы мен практикасы, қоғамдағы құқықтық трансформациялар;
- Гуманитарлық зерттеулер: тарих, өнертану, дінтану, мәдениеттану;
- Социомәдени үдерістер: бірегейлік, ұжымдық жад, құндылықтық және цифрлық трансформациялар;
- Филология, дискурсивтік зерттеулер және пәнаралық тәсілдер.
Таралу аумағы: Қазақстан Республикасы және шетел мемлекеттері.
Басылым форматы: Баспа және электрондық нұсқалар (print және online).
Рецензиялау түрі: екі жақты жасырын (double blind) рецензиялау.
Журнал шығарылымдарының мазмұнына қойылатын талаптар:
Әрбір нөмірдегі жарияланымдардың кемінде 1/3 бөлігі шетелдік авторлардың мақалалары немесе ағылшын тіліндегі мақалалар болуы тиіс, не болмаса Қазақстандық теңавторсыз жазылған кемінде 1 шетелдік автордың мақаласы жариялануы қажет.
Әрбір нөмірдегі мақалалардың кемінде 50%-ы баспагер ұйыммен аффилиациясы жоқ авторларға тиесілі болуы тиіс.
Бір нөмірде автор (теңавторлықты қоса алғанда) бір ғана мақала жариялай алады.
Бір мақаланың авторларының саны 5 адамнан аспауы тиіс. Бір автор жылына екі мақаладан артық жариялай алмайды.
Авторлық құқық: Авторлар өз еңбектеріне авторлық құқықты сақтайды, алайда баспагерге ғылыми өнімді жариялауға, көшіруге және таратуға рұқсат береді.
Этикалық қадағалау: Журналдың баспагері жарияланым этикасы саласындағы COPE саясатын қатаң ұстанады. Барлық редакциялық үдерістер бас редактордың бақылауымен жүзеге асырылады. Этикалық нормалар бұзылған (алаяқтық, плагиат, көп мәрте жариялау және т.б.) қолжазбалар редакциялық үдерістің келесі кезеңіне жіберілмейді. Қатаң редакциялық бақылау жариялау туралы әділ әрі объективті шешім қабылдауды қамтамасыз етеді.
Архивтеу және қолжетімділік: Мақалаларды қабылдау журналдың ресми сайты — «SocioHumanitas» арқылы, Авторларға арналған ережелерге сәйкес жүзеге асырылады.
Мақалалардың электрондық нұсқалары журнал сайтындағы «Мұрағат» бөлімінде сақталады. Редакциялық алқа архивтің сақталуын қамтамасыз етеді және жарияланған материалдарға немесе олардың аннотацияларына ашық қолжетімділік беруге құқылы.
Құпиялылық: Журналға ұсынылған барлық қолжазбалар құпия материалдар ретінде қарастырылады. Олар тек редакция қызметкерлеріне, рецензенттерге және редакторларға ғана қолжетімді.
Арнайы шығарылым: Редакциялық алқа журналдың тақырыптық бағыттарының бірі бойынша арнайы шығарылымдар шығару құқығына ие. Бұл белгілі бір ғылыми саладағы зерттеушілерге ғылыми нәтижелерді жылдам табуға, дәйексөздеуге, академиялық алмасуды дамытуға және әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар саласындағы өзекті жетістіктерді тиімді интеграциялауға мүмкіндік береді. Арнайы шығарылымдарды дайындауға шақырылған редакторлар тартылуы мүмкін.