Журнал саясаты

Журналда жариялау үшін журналдың тақырыптық бағытына және қолжазбаны ресімдеу талаптарына сәйкес келетін қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде автор (авторлар) бұрын жарияламаған мақалалар қабылданады. Журналдың бір санында бір автордан бір ғана мақала жариялануы мүмкін. Бір жылда автор журналға 2 мақала ғана жариялай алады. Бұл ретте авторлар саны 5-тен аспауға тиіс.

Авторлар зерттеу нәтижелерінің жаңалығы, дәлелділігі үшін жауап береді. Редакция алқасы мен журнал рецензенттері қолжазбаны қарау сатысында, сондай-ақ ол жарияланғаннан кейін авторлар бұл қолжазбаны басқа басылымда жариялауға қарастыру үшін ұсынбауға міндеттенеді.

Журналдың редакциясына ұсынылатын қолжазбалар МЕСТ 7.5-98 «Журналдар, жинақтар, ақпараттық басылымдар. Жарияланатын материалдардың, баспалық рәсімделуі» сәйкес мақалаларды ресімдеу жөніндегі базалық баспа стандарттарына, МЕСТ 7.1-2003 «Библиографиялық жазба. Библиографиялық сипаттама. Құрастырудың жалпы талаптары мен ережелері» сәйкес библиографиялық тізімдерге сәйкес ресімделуі тиіс.

Қолжазбаны автор қолжазбаның барлық  әдістемелік деректерін және оның авторларын көрсете отырып, онлайн беру жүйесі арқылы жүктеуі керек. Жариялау үшін ұсынылатын қолжазбалар журналға жіберілетін материалдарды ресімдеу ережелеріне (А Қосымшасы) және журналда жариялау үшін қолжазба құрылымына қойылатын талаптарға (Б қосымшасы) сәйкес келуі тиіс. Қолжазба шаблонға сәйкес жасалуы керек (В Қосымшасы). Мақаланы тапсырған кезде авторлар ілеспе хатты (Г Қосымшасы) ұсынуы керек, университетішілік авторлар үшін ілеспе хаттың орнына факультеттің шешімі  қажет (Е Қосымшасы).

Мақаланың ұсынылатын көлемі - 3000-6000 сөз (авторлар туралы мәліметтерді, аннотацияны, библиографиялық тізімді есепке алмағанда). Мақала мәтінінде бар иллюстрациялар, схемалар, кестелер мәтіннің жалпы көлемінде ескеріледі. Редакциялық алқаға түскен барлық қолжазбалар StrikePlagiarism жүйесінде мәтіннің түпнұсқалығын анықтау үшін тексеріледі. Қолжазбаның түпнұсқалық деңгейі кемінде 75% болуы керек. Редакциялық алқа түпнұсқалық деңгейі төмен қолжазбаларды қабылдамауға құқылы.

Қолжазбамен жұмыс жасау кезеңдерінде журналдың ресми сайтының ojs электрондық (онлайн) платформасы арқылы редакция, корреспондент-автор мен рецензенттер арасындағы байланыс жүзеге асырылады https://sociohumanitas.zhetysu.edu.kz/sh/index .

Журналдың редакциялық алқасы авторлардан келіп түскен қолжазбаларды қарастырады, рецензиялауды ұйымдастырады (рецензия формасы Д Қосымшасы), сонымен қатар электрондық платформада орналастырылған қолжазбаларға келіп түскен күннен бастап бір апта ішінде жариялауды немесе жариялаудан бас тарту туралы шешімін қабылдайды.

Қолжазбаны жариялауға қабылдау туралы түпкілікті шешімді Бас редактор қабылдайды.